Павлодар облысының тас жолында екі көлік кюветке аударылды

Жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қалқаман ауылының маңындағы «Қызылорда – Павлодар» автожолының 1309 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «ВАЗ-2107» және «Мерседес Бенс» автомобильдері кюветке аударылды.
– Апат салдарынан екі жүргізуші мен түрлі жарақаттары бар жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды, – деді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша полиция тергеу жүргізеді, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.