Павлодарда ксенон мен лед шамдарды орнатқан жүргізуші айыппұл арқалады

Павлодарда ксенон мен лед шамдарды орнатқан жүргізуші айыппұл арқалады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер құқық бұзушыны жазалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының ПБ-нің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Толстой-Абай көшелерінің қиылысында Ваз - 21102 маркалы автокөлігін тоқтатқан болатын. Жүргізуші тұманды фараларға лед-шамдар орнатқан.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші жазаланып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Тәртіп сақшылары өндіруші шығарған шамдарды қуатты шамдармен ауыстыру заңсыз екенін еске салады себебі бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді. Фараларды лед-шамдарға, жарықдиодты немесе ксенонды шамдарға ауыстырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал қайталап бұзғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделеді.