Павлодарда кәсіпорындардағы жас мамандарға тәлімгерлерді даярлады

Павлодарда кәсіпорындардағы жас мамандарға тәлімгерлерді даярлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаттықтыратын семинарды павлодарлық «Атамекен» ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өнеркәсіп кәсіпорындарында «ERG Service» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС жас мамандарына қамқорлық жасайтын 40 тәлімгерді екі күндік даярлауды ұйымдастырды. Бұл оқытуды Инновациялық Еуразия университеті колледжінің базасында Астанадан келген ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатталған жаттықтырушы-мультипликаторы Ләззат Шонаева өткізді. Семинардың ең белсенді қатысушылары Ұлттық палата арнайы әзірлеген «Жұмыс орнында оқыту тәлімгерінің кітабы» оқу құралын және сертификаттар алды.

Бұл сертификат оларға тәлімгер ретінде қызметтеріне ақы төлеу құқығын береді. Бұл олардың біліктілігін арттыруда өте үлкен мотивация, – деді Ләззат Шонаева.

Ерқанат Әбенов «Атамекен» Палатасының функционалдық міндеттері өте кең екенін атап өтті. Оларға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заң шығару қызметі және басқалары жатады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры жақында Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын еске салды. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге көмектеседі.