Павлодарда көлік дөңгелектерін тексере бастады
Дөңгелектер стандарттарға сай болуы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 желтоқсаннан бастап, техникалық регламент талаптарына сәйкес, қысқы уақытта көлікті пайдалануға жарамды қысқы дөңгелектер болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жауын-шашын немесе аяз болмаса да шиналарды ауыстыру керек.
Қысқы шиналар үш түрлі болады – бұжыртабанды, скандинавтық жабысқақпен және еуропалық протекторлармен қапталған. Дөңгелектер белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек және төмен температурада, мұзды немесе қарлы жолдарда пайдалануға арналған.
Ал шиналарды ауыстырмаған тұрғындарға ӘҚБтК-нің 590-бабының бесінші бөлігі бойынша 5 АЕК, яғни 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Полиция департаментінің мәліметінше, әзірге тәртіп бұзушылар тіркелмеген.