Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады
Жолдың бұл бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні Теплов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылмақ. Бұл бөлік Ак. Сәтбаев көшесінен Мәшһүр Жүсіп көшесіне аралықты қамтиды. Жабылу себебі – көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
– Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – дейді ТҮКШ бөлімінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ломов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған еді.