Павлодарда мамандандырылған ХҚКО жұмысында кедергілер болуы мүмкін
16 қазанда ақпараттық жүйеде техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері бойынша, осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтар қызмет алу барысында кедергілерге тап болуы мүмкін.
ХҚКО желісі бойынша мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің, eGov Mobile қосымшаларында және eGov.kz порталында онлайн-форматта қолжетімді болады.
Сайт пен қосымшалар әдеттегідей жұмыс істейді.