Павлодар облысы ең төмен инфляция көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына кірді

Павлодар облысы ең төмен инфляция көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына кірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елдің алты өңірінде жалақының төмендеуі байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстандағы қызметкерлердің номиналды жалақысы – салықтар мен міндетті аударымдар ұсталғанға дейін  423,1 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тоғыз пайызға жоғары. Алайда жалақының сатып алу қабілеті небәрі 1,2 пайызға ғана өскен.

Finprom.kz деректеріне сүйенсек, ең жоғары орташа айлық номиналды жалақы Атырау облысында тіркелген – 634,2 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында – 300,1 мың теңге.

– Елдегі 20 өңірдің алтауында нақты жалақы индексінің төмендеуі байқалды. Бұл тұрғындардың жалақысының сатып алу қабілеті нашарлағанын білдіреді, – деп түсіндірді мониторинг агенттігінің мамандары.

Аналитиктер үш ай ішінде жалақының сатып алу қабілетінің Абай облысында 0,6 пайызға, Ұлытау облысында тоғыз пайызға артқанын атап өтті.

Тұтыну бағалары 9,4 пайызға өсті. Бағаның ең жоғары өсуі Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді. Ал ең төмен инфляция Алматы, Павлодар (7,6 пайыз) және Жамбыл облыстарында байқалды.

Соған қарамастан, бағаның қымбаттауы қазақстандықтарды алаңдататын басты мәселе емес. Тұрғындарды ең алдымен төмен табыс пен еңбекақы деңгейі мазалайды. Екінші орында – сыбайлас жемқорлық, ал үшінші орында бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қымбаттауы тұр.