Екібастұздағы саяжайда өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапкершілікке тартылды
Тұрғындар қауіпсіздік сақтамай құрғақ шөп пен қоқысты өртеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері саяжай учаскелерінде рейдтік іс-шаралар өткізген.
- Рейд барысында құрғақ шөп пен қоқысты жағу және өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталды, - деді департаментте.
Ереже бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл 20 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға алып келеді.
Фото: облыстық ТЖД