Павлодарда маусымның аяғына дейін жеті автобус қозғалыс бағытын өзгертеді

Павлодарда маусымның аяғына дейін жеті автобус қозғалыс бағытын өзгертеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 13 маусымда кешкі 20:00-ге дейін асфальт төсеу жұмыстарына байланысты Бұқар жырау көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейінгі Кривенко көшесі жабылады. 

13-30 маусым аралығында «Зеленстрой» шағын ауданы кәріз желісін салу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Қаз. Правда көшесі бойынша ағайынды Дүйсембиновтер – Гагарин көшелері шекарасында жол жабық болады. Осыған байланысты № 2, 5, 126 автобус маршруттары «Зеленстрой» шағын ауданына кіреді және Гагарин көшесі арқылы шығады.

14-24 маусым аралығында Кенжетаев (бұрынғы 2-ші Южная көшесі) – Ж.Мұса көшелерінің қиылысында рельс-шпалдық торды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты қозғалыс жабылады.

Сондықтан № 1, 31, 003 автобус маршруттары Нұркин көшесі арқылы екі бағытта да жүретін болады. Ал, № 57 автобус бағыты Нұркин – Ж. Мұса көшелері арқылы екі бағытта да жүретін болады.