Еуропада денге безгегі белең алды
Еуропада денге безгегін жұқтыру деректері жиілеген, деп хабарлайды 24.kz.
Әдетте ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Кәріб бассейні елдерінде кездесетін. Бірақ енді Кәрі Құрлықта да тарауда. Былтыр 130 дерек расталды. Салыстыру үшін айтсақ, оның алдындағы 10 жыл ішінде мұнда барлығы 71 оқиға тіркелген.
Мамандардың айтуынша, Еуропада оның тез тарауына климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін. Өйткені жаһандық жылынудан Еуропада осы безгекті тарататын масалардың көбеюіне қолайлы жағдай болып тұр.
Денгені жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, басы ауырады, буындары сырқырап, денесі бөртіп кетеді.