Павлодарда мектеп оқушылары жеңіл атлетикадан бәйгеге түсті

Павлодарда мектеп оқушылары жеңіл атлетикадан бәйгеге түсті
Павлодар облысының білім басқармасы

Жарысқа 50-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты стадионында ХХХІ облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар спартакиадасының бағдарламасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.

Жарысқа 6 команда, 48 қатысушы қатысты. 

Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешені, екінші орынды №4 арнайы мектеп-интернат, үшінші орынды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының оқушылары иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.