Павлодарда мейрамханада өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:22-де 112 қызметіне Нұркин көшесіндегі қала мейрамханаларының бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Өрт орнына келген мамандар мейрамхананың түтін шығару құбырында жиналған майдың тұтанғанын анықтады. Жану аумағы небәрі 2 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, жалынды дер кезінде сөндіріп, таралуына жол берген жоқ. Ғимараттан 12 адам өз бетінше эвакуацияланды, – делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды еске салады.