Павлодарда мопедтер айып тұрағына қойылуы мүмкін

Павлодарда мопедтер айып тұрағына қойылуы мүмкін
Фото: pexels.com / Nishant Aneja

Ресми тіркеуден өтпеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мопедтерді тіркеу науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды.

– 5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады, ал иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер көлік құралын тіркеу – заң талабы ғана емес, жолдағы қауіпсіздіктің кепілі екенін ескертеді. Тұрғындарға мопедті уақытында тіркеу ұсынылады.