Шарбақты ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Шарбақты ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Фото: Асиә Серікова

Кешенде әзірге үш секция бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Галкино ауылында жаңа ангар типті спорт кешені бой көтерді. Мердігерлер аталмыш нысанды 28 тамыз күні қолданысқа тапсырған. 

Спорт кешені «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша екі жыл бойы салынған. Мердігер – «Промжилстрой комплекс» ЖШС

– Бұл көптен күткен кешен, ауданда мұндай спорттық нысан болған жоқ. Бұл жерде балалар – күрес, волейбол және баскетболмен айналысады. Бүгінде барлығы 60-қа жуық бала бар. Жергілікті тұрғындар мен жастар кешкі уақытта спортпен шұғылданады, – дейді аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақыт Смақов. 

Галкино ауылындағы спорт кешені жыл бойы жұмыс істейді. Қыста жылу мәдениет үйінің қазандығынан келіп тұрады.

– Мердігер адал жұмыс істеді, оның үстінен ешқандай шағым болған жоқ. Ұсақ мәселелерді дер кезінде шешіп отырды, — дейді Бақыт Смақов.

Айта кету керек, Галкино ауылында мыңға жуық адам тұрады. Спорт кешеніне жаттықтырушыларды жергілікті тұрғындар қатарынан таңдалып алынған.