Павлодарда мәдениет сарайы уақытша жабылды

Павлодарда мәдениет сарайы уақытша жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Коммуналдық ақаулар орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, аталмыш мәселеге байланысты Естай атындағы Мәдениет сарайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ғимарат техникалық мәселе толық шешілгенге дейін бірнеше күнге жабық болады.

Мәдениет сарайының қайта ашылуы туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.