Павлодарда кейбір үйлерде су уақытша өшіріледі

Тұрғындардан су жинап алу сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
20 маусым күні Сибирская көшесі, 85 мекенжайы бойында су құбырының апаттық учаскесін және өрт гидрантының тірегін ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Сибирская көшесінің 85, 87, 87/1 және 87/2 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.