Павлодарда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

12 мамыр күні 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылының шығыс жағы Торайғыров көшесінен бастап Трамвай депосына дейінгі жолайрық пен жол өтпесімен бірге жабылады. Батыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.
Бөлімде келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, автокөлік жүргізушілерінен бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.