Павлодарда наурыз мейрамдарына орай облыстық оқушылар айтысы өтеді

Павлодарда наурыз мейрамдарына орай облыстық оқушылар айтысы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мүбәрәк Жаманбалиновтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мүбәрәк Жаманбалинов – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы.

Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 наурыз күні сағат 11:00-де жыр додасына аймағымыздың әр өңірінен 18 жасқа дейінгі жас айтыскерлер қатысады. 

Биыл белгілі жерлесіміз, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы Мүбәрәк Жаманбалиновтің туғанына 100 жыл толып отыр. Осы орайда, облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылуда, – делінген хабарламада.

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы ұйымдастырушы болып табылады.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 48. 

Анықтама телефоны: 8(777)934-68-35