Тереңкөл шаруа қожалығында заманауи агротехнологиялар қолданылуда
«Ивановское» ЖШС 15,7 мың га алқапқа бидай, сұлы, күнбағыс еккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаруашылықтың бастамашыл басшыларымен заманауи агротехнологиялар қолданылуда. Жыл сайын көлік-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, жеке қаражаты есебінен және лизинг арқылы сатып алынады.
Сол жерде облыс әкімі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Аграршылар саладағы ағымдағы жағдаймен және болашақ жоспарларымен бөлісті. Асайын Байханов тиімділігі жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру қажеттігін атап өтті.
– Өткен жылғы маусым ешкімге де оңай болған жоқ, алайда, алған беттеріңізден қайтпай табанды еңбек еттіңіздер. Сіздер технологияға, техникаға, жақсы тұқымдарға, тыңайтқыштарға қаржы салудасыздар. Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына ұйымдық, қаржылық, инвестициялық және жеңілдетілген несиелермен қолдау көрсету, – деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, Тереңкөл ауданына алғаш рет қыша мен мақсары отырғызылды. Қышаға – 2,5 мың, мақсарыға – 0,5 мың және күнбағысқа 76,6 мың гектар қосымша жер бөлінген. Майлы дақылдардан басқа, ауданда бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, жүгері, қарақұмық өсіріледі.