Павлодарда он дана жұмыртқа 350 теңге
Дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 17 маусым күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңкеде көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері және т. б. ұсынылады.
- Павлодарлықтарды ертең яғни сенбі күні Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекен-жайында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңкеге Аққулы, Теренкөл, Павлодар және Павлодар қаласының ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, күнделікті негізінде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.
Фермерлер нарығының жұмыс кестесі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
- Шикі сүт – литріне 200 теңге, 1 санаттағы жұмыртқа - 340-350 теңге/оннан бастап, бал - 2000 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы -510-750 теңге/л, жоғары сұрыпты ұн- 200 теңге/кг, картоп- 95 теңге/кг, қырыққабат – 120 теңге/кг, пияз - 158 теңге/кг.