Павлодар облысында мамырдың алғашқы аптасында күн ысиды

Синоптиктер алдағы аптадағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 29 сәуірде жаңбыр мен бұршақ жауады. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +15...+20°С, облыстың батысында +12°С көрсетеді.
30 сәуірде түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал облыстың батысында, солтүстігінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз +10...+15°С-қа дейін жылынады.
Бірлік күні жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +13...+18°С көрсетеді.
2 мамыр күні де күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін жылынады.
Сенбіде күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +17...+22°С көрсетеді.
Жексенбіде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +15...+20°С, ал облыстың оңтүстігінде +25°С-қа дейін көтеріледі.