Павлодарда жеке сектор көшелерін жөндеу басталды
Лесозавод, Радио зауыты, Горторг, Саяжай, Зеленстрой көшелерінің жолдары қамтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар ТКШ бөлімінің бас маманы Арсен Жұмабековтың айтуынша, жұмысқа үш бригада жұмылдырылған: екеуі қиыршық тас негізін дайындаса, біреуі тікелей асфальттауды жүргізеді.
– Барлығы 55 көше мен жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл – шамамен 35 шақырым, – деді Арсен Жұмабеков.
Оның айтуынша, ендігі бес шақырым жөнделген. Бұрын мүлдем асфальт төселмеген жерлер де бар. Жұмысты 2023 жылдың қазан айына дейін аяқтау көзделіп отыр.