Павлодарда онколог-дәрігерлер бригадасы бірегей операцияны сәтті жасады

Ақ желеңділер науқастың құрсақ қуысына біткен қатірлі ісікті алды. Ісік өмірлік маңызды мүшелерді қысып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкологиялық диспансеріне 47 жастағы науқас ұзаққа созылған әлсіздікке, дененің сол жақ жартысының ауырсынуына шағымданған. Тексеру барысында диагностикалық сынақтар өте күрделі және сирек жағдай анықталып, науқасқа шұғыл хирургиялық араласу қажет болған.
Сонымен қатар, іш қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы ретроперитонеальді кеңістікте дененің сол жақ жартысына өсумен бірге құрсақ қуысына таралатын үлкен түзіліс анықталды.
– Контрасты қосымша тексеру барысында өлшемі 35×25 см болатын ісік құрсақ қуысының сол жақ жартысын түгел дерлік алған, ісік өмірлік маңызды мүшелерді қысады, – деді дәрігер.
Мұндай күрделі жағдайлар әдетте республикалық медициналық орталықтарға жіберілетініне қарамастан, уақыт факторы өте маңызды болды, кешіктіру қысылған органдардың функциясының толық жоғалуына әкелуі мүмкін.
Жалпы онкология бөлімінің меңгерушісі Ульфат Боромбаев бастаған облыстық онкологиялық диспансердің онколог-дәрігерлер бригадасы бірегей операцияны сәтті жасады.
– Мұндай операциялар онкохирургиядағы ең күрделі операциялардың бірі болып табылады. Біз бір уақытта ісіктерді алып тастау және зақымдалған мүшелердің қызметін қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз, – дейді емдеуші дәрігер, онкохирург Эльдар Ілиясов.
Хирургтер қысылған органдардың функцияларын сақтай отырып және қалпына келтіре отырып, алып ісіктерді алып тастады. Науқастың жағдайы тұрақталды, ол қазірдің өзінде ауруханадан шығарылды және толық жазылу жолында.