Екібастұзда екі мал сою пункті ашылады
Олар күзде салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кеншілер шаһарының басшысы Аян Бейсекин ауылдарды аралау барысында мал сою пункттерін тексерді.
Бүгінде алты пункт жұмыс істеп тұр – екеуі Қоянды ауылдық округінде және бір пункттен Теміржол ауылдық округінде, Ә. Марғұлан атындағы, Сарықамыс ауылдары мен Солнечный кенті. Барлық пункттер ветеринариялық инспекциямен тексеруден өтті және қызметті жүзеге асыруға арнайы есептік нөмірі бар.
– Шілде айының соңына дейін Тай, Шырылдақ және Ақкөл ауылдарында мал соятын арнайы пункттерді ашу жоспарлануда. Күзде Екібастұз қаласында қосымша екі пункт пайда болады,– деді қала әкімі.
Пайдалануға рұқсаты бар қасапханада жануарларды сою алдында жергілікті ветеринар тексереді. Союдан кейін ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізгеннен кейін, ет нарыққа жіберілуі мүмкін.
– Әр ірі ауылда мал сою үшін жағдайлар болатын осындай мамандандырылған пункттер болуы керек. Жеке аулаларда союға қатаң тыйым салынғанын білу маңызды, себебі бұл инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сауда сөрелеріне түсетін өнімдердің сапасына байланысты болады,– деп атап өтті Аян Бейсекин.
Қала әкімі өзінің кеңесшісіне, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына, сондай-ақ жергілікті учаскелік инспекторларға кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды.