Джаз бен би кеші: Павлодарлықтар демалысты қалай өткізе алады?
Осы аптада болатын іс-шаралардың тізімі белгіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, 7 қыркүйек күні студенттер қатарына қабылдау кеші ұйымдастырылады. Осыған орай облыс орталығының бас сахнасында жастар үшін кешкі сағат 19:00-де би кеші ұйымдастырылады.
Ал 8 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Ertis Promenade» сахнасына облыстық И.Байзақов атындағы филармонияның оркестрі джаз әуендерін шырқайды.
Сенбі күні сағат 9:00-10:00-де қала тұрғындарын спортпен шұғылдану үшін жаттығуларға шақырады. Тегін жаттығуларды «Top Star» фитнес клубы орталық жағалауда өткізеді. Кешкі сағат 19:00-де бас сахнаға қазақстандық жұлдыздар шығады. Елге танымал Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев өнер көрсетеді.
Жексенбі күні тұрғындарды стретчинг бойынша өтетін тегін жаттығулар күтеді. Шараны Lady Stretch студиясы сағат 9:00-10:00-ге дейін өткізеді. Кешкі сағат 20:00-де «Ertis Promenade» сахнасында «Игра с нулевой ставкой» атты кинофильмнің тұсаукесерін тамашалауға болады.