Павлодарда пәтерінің бірінде зейнеткердің мәйіті табылды

Павлодарда пәтерінің бірінде зейнеткердің мәйіті табылды

Полиция оның ұлынан күдіктенеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 шілде күні Лермонтов көшесіндегі пәтерде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлім белгілері бар 66 жастағы әйел адамның мәйіті табылды.

– Аталған факт бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, – деді департаментте.– Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті