Павлодарда полипропилен құбырларын шығаратын кәсіпорын іске қосылады

Павлодарда полипропилен құбырларын шығаратын кәсіпорын іске қосылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазір мұнда 50 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жобаны мамыр айының соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков «Тандем Recycling» ЖШС-нің қорғасын-мырыш аккумуляторларын қайта өңдеуге маманданған өндіріс орнында болды. Мұнда ескірген аккумуляторларды қайта өңдеуге арналған заманауи жабдықтар, соның ішінде РНП-7 пеші орнатылған.

Кәсіпорын Қазақстан бойынша пайдаланылған аккумуляторларды қабылдайтын бірнеше бөлімше ашқан. Қазіргі уақытта қорғасын-мырыш аккумуляторларын қайта өңдеу және полипропилен құбырларын шығаратын өндірісті іске қосу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаны мамыр айының соңына дейін іске қосу жоспарланған.

– Аталған жоба қала мен өңір үшін аса маңызды. Себебі, кәсіпорын полипропилен құбырларымен қамтамасыз етумен қатар, өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатуға мүмкіндік алады. Қазір мұнда 50 адам жұмыс істейді, – дейді қала әкімі.

Сондай-ақ ол қалалық әкімдік атынан осындай инвестициялық жобаларды қолдауға және олардың табысты жүзеге асуына қажетті көмек көрсетуге дайынбыз екенін атап өтті.