Павлодар ауданында жоғалған он бас қой Успеннен табылды

Павлодар ауданында жоғалған он бас қой Успеннен табылды
Фото: Константин Шелков

Жоғалған мал заңды иесіне қайтарылды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны өзінің жоғалған қойларын тапқан учаскелік полиция инспекторына алғыс білдірген хат жолдаған. 

10 шілдеде Набережное ауылының учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғыннан 10 бас қой жоғалғаны туралы өтініш түскен.  45 жастағы жергілікті тұрғынның айтуынша, мал айдау пунктінен төрт күн бұрын жоғалған. Өздігінен іздестіру шаралары сәтсіз аяқталғаннан кейін ғана иесі учаскелік полиция қызметкеріне жүгінген, – дейді департаментте. 

Іздеу іс-шараларының нәтижесінде полиция капитаны Қуаныш Алинов жоғалған қойларды Успен ауданының Ольгинка ауылынан анықтады. 

Учаскелік полиция инспекторының жедел және кәсіби іс-қимылдарының  нәтижесінде жоғалған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды.