Павлодарда полицейлер балабақшада бүлдіршіндерге қатыгездік көрсету фактісін тергейді

Павлодарда полицейлер балабақшада бүлдіршіндерге қатыгездік көрсету фактісін тергейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№116 балабақша тәрбиешісі балалардың шашынан жұлқылап, бетінен шапалақпен ұрып, итеріп, денесінен ұрып-соғып, киімдерін дөрекілікпен ауыстырып жатқан сәттері камераға түсіп, әлеуметтік желіде жария етілді. Жағдайды облыстық полиция департаменті тергеп жатыр.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деді департаментте.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Сондай-ақ, балабақша басшылығының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева балабақшаға барып, балабақшадағы қатыгездік фактісін анықтап жатыр.