Павлодарда жол жабындысын қалпына келтірмеген коммуналдық қызмет ұйымы жазаланды
Тоғыз көшенің жабындысы жер жұмыстарынан кейін қалпына келтірілмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жол жабыны қалпына келтірілмеген Щедрин – Украинская, Хайдаров – Радищев, Мүткенов – Щедрин көшелері, Лермонтов көшесі, 104, Ак. Бектұров көшесі, 15, Н. Назарбаев даңғылы, 89, 97, Қамзин көшесі, 64, Астана көшесі, 174 мекенжайлары бойынша тексеру жүргізді.
Нәтижесінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ге қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған аумақтарды тез арада қалпына келтіру шараларын өткізу ұсынылды.