Павлодарда Республика күні қандай спорттық шаралар өтеді

Павлодарда Республика күні қандай спорттық шаралар өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі іс-шаралардың тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ведомствода мәлім еткендей, 25 қазан күні сағат 9:00-де «Баянтау» спорт комплексінде А.С.Аймағамбетовтың құрметіне арналған еркін күрес бойынша XIX ашық қалалық турнирі, ал сағат 10:00-де №42 ЖОББМ мемлекеттік қызметкерлер арасында волейбол бойынша қалалық турнир жоспарлануда.

Одан бөлек, 26-27 қазан күндері сағат 10:00-де Торайғыров университетінің күрес залында грэпплинг ГИ бойынша ашық қалалық турнир ұйымдастырылады.