Павлодарда «Сүйікті менің періштем» спектаклі қойылды
Комедия көрерменге кедей мен бай арасындағы теңсіздікті жою туралы ой тастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ж. Аймауытов атындағы театрда Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры «Сүйікті менің періштем» атты қойылымды сахналады.
– Мен басты кейіптегі қыздың әкесі Дулиттлды ойнаймын. Жалпы көрініс ең кедей, білімі жоқ, қараңғы адам да талмай еңбекетсе, зиялы адамдардың қатарына ене алады деген идеяны ұлықтайды, – дейді театр әртісі Бекжан Тұрыс.
Атақты драматург Бернард Шоудың «Пигмалион» пьесасының желісімен қойылған «Сүйікті менің періштем» спектаклі жаны жоқ батпақтан жасалған мүсін нағыз суретшінің қолында биік өнер туындысына айналатыны жөнінде.
Айта кету керек, М.Әуезов театры 14 мамыр күні «Жүз жылдық махаббат» қойылымын сахналайтын болады.