Өзбекстанда майқайыңдық бишілердің жұлдызы жанды

Халықаралық байқау шет елдерден өнерлі жастар мен музыкалық ұжымдардың басын қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Майқайың балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы Ташкент қаласында өткен «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN»халықаралық байқауында қос бірдей бас жүлдеге және І орынғаие болды.
Халықаралық байқау 1-5 маусым аралығында өтті. Қатысушылар аспапта ойнау, көркем сөз, хореография, дәстүрлі ән, вокал номинацияларында өнерлерін паш етті.
Шараның мақсаты – өнер арқылы рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік беру. Байқауда ұлттық мәдениеті сақтау мен дамытуға, сондай-ақ әртүрлі елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Би ұжымы осындай жеңіске жетуінде жетекшісі Анастасия Олеговнаның еңбегі зор болды.
– Оқушылар би арқылы шабыттанып, дене белсенділігін арттырып, шығармашылықпен айналысып келеді. Олар сахнаға шыққанда көрерменнің қошеметі ерекше болды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, – дейді ұжымның жетекшісі Анастасия Сухова.
Талантты бишілер бұған дейін де көптеген белестерді бағындырып жүр.