Павлодарда сатиралық туындылар байқауы өтеді

Павлодарда сатиралық туындылар байқауы өтеді
Фото: pixabay.com/

Шығармалар 1 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының мәліметінше, облыстық байқау бүгін, яғни 5-сәуір күні бастау алып, 15-маусымда  қорытындыланады.

Павлодар облысының тумасы, белгілі журналист, жазушы, сатирик Жанат Тұрғанбекұлы атындағы «Жасын сөздің жарқылы» атты облыстық ашық шығармашылық байқауын жариялайды.

– Мақсаты – Жанат Тұрғанбекұлының тұлғасын, шығармашылығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, сатирик қаламгерлердің қатарын көбейту, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау көрсету.  Байқауға 18-40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Проза, поэзия жанрында жазылған туындылар қабылданады, – дейді орталықта. 

Ұсынылған шығармалар сатиралық бағытта болуы және қазіргі заман тақырыбын көтеруі тиіс.

Байқау материалдары nt_shanyraq@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Байуқау ережесіне қатысты толық ақпарат алу үшін 8 771 532 9866 телефон нөміріне хабарласуға болады.