Асайын Байханов кәріз желісіне жауапты мердігердің жұмысын бақылауды тапсырды
Облыс әкімі Асайын Байханов «Саяжай» шағын ауданындағы Қазақстан ақиқаты және Ладожская көшелерінің шекарасындағы кәріз желілерінің құрылысы барысын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Тульская-Азовская көшелерінде өздігінен ағатын кәріз желісін монтаждау жүргізілуде. Одан кейін қысымды коллекторды төсеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлық жұмыстар жоба бойынша қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Аймақ басшысы қала әкіміне қазіргі уақытта бекітілген кестеден артта қалып келе жатқан мердігерлік ұйымның жұмысын күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
– Өкінішке орай, облыс қалаларындағы жеке сектордағы көптеген көшелерде әлі күнге дейін орталықтандырылған су құбыры мен кәріз желілері жоқтың қасы. Осы инженерлік коммуникациялардың болмауынан біз тұрғындарымыздың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау, яғни, көшелерге асфальт төсеуге мүмкіндігіміз жоқ, – деп жазды облыс әкімі Іnstagram парақшасында.
Еске сала кетейік, жағдайды өзгерту үшін өткен жылы Павлодардың бірнеше шағын ауданында орталықтандырылған кәріз желілерінің құрылысы басталған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram