Павлодарда сайлау учаскелерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда сайлау учаскелерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңке 15 наурыз күні таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігі мәлімдеді.

- 14 наурызда Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында облыстағы тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің жаңа әрі сапалы өнімдері ұсынылады. Онда ет, сүт өнімдері, көкөністер, картоп және басқа да азық-түліктер қолжетімді бағамен сатылады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы бойынша Референдум өткізілуіне орай қаланың сайлау учаскелерінде келесі мекенжайлар бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады:

Щедрин көшесі, 60 — Қ. Бекхожин атындағы ЖОББМ

Яков Геринг көшесі, 79 — №18 ЖОББМ

Жеңіс алаңы, 13 — №7 ЖОББМ

Малайсары батыр көшесі, 3 — Малайсары батыр атындағы ЖОББМ

Катаев көшесі, 22 — №29 ЖОББМ

Айманов көшесі, 37 — №35 ЖОББМ

М. Горький көшесі, 33 — №39 ЖОББМ

Академик Шөкин көшесі, 27 — Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ

Ворушин көшесі, 6/2 — Ж. Тәшенев атындағы ЖОББМ

Гагарин көшесі, 58 — Қ. Мақпалеев атындағы ЖОББМ

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190 — №24 ЖОББМ

Қамзин көшесі, 346 — №21 ЖОББМ

Малайсары батыр көшесі, 41 — №41 ЖОББМ

Майры көшесі, 49/1 — №25 ЖОББМ

Семенченко көшесі, 70 — №26 ЖОББМ

Лермонтов көшесі, 129 — №5 ЖОББМ

Катаев көшесі, 68 — №17 ЖОББМ

Қамзин көшесі, 62/1 — Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ

Торайғыров көшесі, 24 — С. Торайғыров атындағы ЖОББМ

Баян батыр көшесі, 27 — №30 ЖОББМ

Абай көшесі, 1 — №38 мектеп (Мойылды ауылы)

Алтынсарин көшесі, 60/1 — №40 мектеп (Павлодарское ауылы)

Қыз Жібек көшесі, 5/1 — Жетекші орта мектебі

Ата Заң көшесі, 1/7 — Кенжекөл орта мектебі

Макаренко көшесі, 14 — №33 орта мектеп (Атамекен кенті)

Еске сала кетейік, 14 наурызда облыстың үш қаласы мен он аудан орталығында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

15 наурызда облыстың үш қаласында 56 сауда алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.