Павлодарда сегіз шағын саябақ жабдықталуда

Павлодарда сегіз шағын саябақ жабдықталуда
Фото: Константин Шелков

Жеті аумақта жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, абаттандыру шаралары аясында биыл Павлодарда сегіз шағын саябақ жабдықталуда.

Жеті аумақта жұмыстар аяқталды.

Академик Сәтбаев – Ломов көшелерінің қиылысында орналасқан шағын скверде абаттандыру жұмыстарынан бөлек, субұрқақты жаңарту жоспарланған. 

– Конкурстық рәсімдер аяқталды. Мердігер ұйым субұрқақты қайта жаңартуға кірісті, – деді ТҮКШ бөлімінде. 

Аталған орындағы жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.