Павлодарда сегіз қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді
Қоғамдық көлік екі айға жуық жаңа бағыт бойынша қатынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, № 1, 1э, 5, 11, 17, 24, 41, 42 автобустардың қозғалыс бағыттарына уақытша өзгеріс енгізіледі.
- 24 мамырдан бастап 20 шілдеге дейін Н.Назарбаев даңғылы бойындағы магистральдік су құбырын қайта жаңартуға байланысты Н.Назарбаев даңғылының батыс жағымен Торайғыров көшесінен Лермонтов көшесіне дейін қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі, - делінген хабарламада.
Мұнда № 1, 1э 5, 11, 17, 24, 41, 42 автобус бағыттары Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Н.Назарбаев даңғылының батыс жағындағы Торайғыров көшесінен Лермонтов көшесіне дейін «қалтаға» кірмей тікелей қозғалысты жүзеге асыратын болады. Қоғамдық көлік аялдамасы қозғалыс барысында Н.Назарбаев даңғылына көшіріледі.