Павлодарда жаңбыр салдарынан сорғылар істен шықты
Салдарынан су қысымы төмендеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жаңбыр салдарынан бірінші және екінші сорғылар істен шыққан. Су қысымы төмендеп, кейбір тұрғын үйлердің жоғары қабаттарына су жетпеуде.
Әкімдікте сорғылар іске қосылғанын және алдағы екі сағатта жағдай қалыпқа келетінін хабарлады.
Еске сала кетейік, «Әсел» дүкенінің жанында, Гагарин көшесі, 38/1 көшесіндегі тұрғын үйдің маңында пайда болған шұңқырға жаңбыр суы ағуда. Сондай-ақ автокөлік түсіп кеткен болатын.