Павлодарда шұңқырларды жөндеу екі есеге ұлғайтылды
Жұмыс төрт аумақта жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, 13 наурыздан бастап «Бонус Строй» ЖШС мердігерлік ұйымы шұңқырларды жөндеу бойынша бригадалар санын 2-ден 4-ке дейін ұлғайтты.
Қазіргі уақытта жұмыстар келесі учаскелерде жүргізілуде:
- Трамвай депосындағы жол айрығы
- Қамзин-Толстой көшелері
- Елгин-Аймауытов көшелері
- Ш.Құдайбердіұлы-М.Жүсіп көшелері
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Жолда абай болыңыздар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram