Павлодарда шұғыл стоматологиялық көмек қайда көрсетіледі?
Енді облыстың 18 жасқа дейінгі балалары түнде және демалыс күндері тіс емдейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Облыстық балалар ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында жедел стоматологиялық көмек көрсету бойынша жедел қызмет жұмыс істей бастады. Енді облыстың 18 жасқа дейінгі балалары түнде және демалыс күндері тіс емдеуге мүмкіндігі болады.
Жедел қызмет қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Науқастарды жедел жәрдем бригадалары да жеткізеді. Сонымен қатар, егер бала мүгедек болса, ата-анасының келісімімен жалпы анестезиямен стоматологиялық ота тегін жасалады.
– Біз барлық балаларды қабылдаймыз. Дамуында ауытқуы бар балаларға да стоматологиялық көмек көрсетеміз. Мұндай балаға кез келген наркоз беруге болмайды, өйткені препартқа аллергия болуы мүмкін, – деп түсіндірді консультативтік-диагностикалық емхана меңгерушісінің орынбасары Өмірзақ Хайргелдин.
Емханада бес кабинет үнемі жұмыс істейді. Дәрігерлердің айтуынша, түнде және демалыс күндері бір кабинет жеткілікті. Тісті тегін алып тастауға болады.
– Бұрын ерекше балалардың тістерін емдеу қиын болатын. Ал қазір біз процедураларды наркозбен тегін жасап, тісжегіні 50 пайыздық жеңілдікпен емдейміз. Пломбаны да жарты бағасына саламыз, – дейді ерекше баланың анасы Гүлсара Қожамжарова.
Мұндай стоматологиялық көмекке медициналық анықтамасыз жүгінуге болады. Тіркелу 22-88-17, 22-88-81, 22-88-84 телефон нөмерлер арқылы жүргізілуде, 2-3 күн күтуге тура келеді. Тістері қатты ауыратын науқастар шұғыл түрде қабылданады.
Оталардың сәтті өтуі үшін емханада реаниматолог кезекшілік етеді. Маман науқастың анестезия және оңалту кезіндегі жағдайына жауапты.