Павлодарда сот борышкерден қарызын заңсыз өндіріп алған
Борышкер мен ЖСО медиация тәртібімен келісімге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот баспасөз қызметінің мәліметінше, борышкер Г., ЖСО Б-дан берешекті өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
Оған атқарушылық іс жүргізу заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсыну мерзімінің өтуі себеп болған.
Сотта борышкер мен жеке сот орындаушысы келесі шарттарды көрсете отырып, медиация келісімін жасады:
- талапкер болып табылатын борышкер жеке сот орындаушысына қойылған талаптан бас тартады;
- жауапкер Б., медиация келісімі бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 48-бабының 1-тармағының 2-тармақшасын негізге ала отырып, атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету шараларының күшін жоймай, атқару парағын қайтару туралы шешім қабылдауға міндетті.
Осылайша, атқару парағын қайтару арқылы өндіріп алушыға атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындауға беру мерзімін қалпына келтіру мүмкіндігі беріледі.
Соттың талап арызды қайтару туралы ұйғарымы заңды күшіне енді.