Павлодар облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды
2025 жылға 47 іс-шара дайындалды, оның 21-і орындалып, аяқталды, де хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірімізде бекітілген инженерлік жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде көктемгі су тасқынының ықтимал салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешені белсенді түрде жүргізілуде.
Жер үйінділерін нығайту және бұру арналары жүйесін құру ағымдағы жұмыстардың негізгі екпіні болып табылады, бұл аумақтардың су тасқыны қатерлеріне төзімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс әртүрлі мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың арқасында жүзеге асырылады.
Мәселен, Ақсу қаласында шағын аудандарды оңтүстік-шығыс жағынан қорғайтын жер үйіндісінің құрылысы аяқталды. Маңызды нысан – Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов автожолындағы жасанды үйінді көлік жолдарын сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Жол шеттерін тереңдету және су өткізу құбырларын орнатуды қоса алғанда, қосымша жұмыстар Көктөбе-Кеңтүбек ауданында және басқа да аудандарда іске асырылуда.
Барлық күш-жігер су басу қаупін азайтуға бағытталған. Бұл өңірдің көктемгі су тасқыны маусымының дайындық дәрежесін көрсетеді.