Павлодарда сегізінші сынып оқушысы жоғалып кетті
Дарья Шандрук 2010 жылы туған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 2010 жылы туған, кәмелетке толмаған 5-ЖОББМ 8-сынып оқушысын іздеуде.
– 8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23.00 шамасында қызы үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды. Анасының айтуынша, бұрын да үйден кетіп жүрген, – дейді департаментте.
Белгілері: бойы – 165 см, шашы ақшыл түсті, көздері сұр. Сұр капюшоны бар қара сыртқы киім, сұр түсті бас киім, ақ кроссовка киген.
Іздеуге облыс полициясының нарядтары, еріктілер бағытталған.
Полиция департаментіде кәмелетке толмағанның орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.