Павлодарда спорттық тренажерлар бетон жабынына орнатылған

Павлодарда спорттық тренажерлар  бетон жабынына орнатылған

187 миллионға орнатылған елу тренажердың отызы кемшіліктермен салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері облыс орталығының абаттандыру жұмыстарын тексеру барысында спорттық тренажерлардың бұзушылықтармен орнатылғанын анықтады. 

– Елу нысанның отыз объектісінде мердігер тренажерларды бетон жабынына орнатты. Ал спорт алаңын тартан жабынымен төсеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Аталған кемшіліктер қала тұрғындары арасында үлкен наразылық тудырды, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, мердігер тарапынан логистика мен нақты жоспарлаудың болмауы байқалады. Спорттық жабдықтарды орнату күзде басталып, күні бүгінге дейін жалғасты. Жалпы, оларды орнатуға қала бюджетінен 187 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

– Тапсырыс беруші Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  балалар - жасөспірімдер жастар орталығының  ақпараты жұмыстардың кешіктірілуі жабдықтардың кеш жеткізгенімен байланысты болды. Барлық жұмыстарды 30 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда, – делінген хабарламада. 

Аталған спорт нысандарындағы жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтау мәселелерін жемқорлыққа қарсы еріктілер бақылауға алды.