Павлодарда спорттық жетістіктерге жеткен оқушылар мен ұстаздар марапатталды
Республика күні мерекесі аясында өткен екінші жастар форумына 400-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шара қалалық № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру мектебінде өтті. Оған спорттық жетістіктері бар оқушылар, өнерлі жастар, этномәдени орталықтарының төрағалары, Әлем чемпиондары қатысты. Мерекелік іс-шара барысында спорттық жетістіктерге жеткен оқушылар мен ұстаздар марапатталды.
– Бұл шара екінші жыл қатарынан өткізілуде. Дәстүрлі форумға айналды деп айтсақ та болады. Бұл мектепің оқушылары спортқа жақын екені баршамызға мәлім. Бұл білім ордасынан түрлі облыстық, республикалық, әлемдік деңгейдегі спортшылар шыққан, – дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері Қадырбек Раисов.
Шара барысында мектептің оқушылары екі бірдей жақсы жаңалықпен қуантты. Мектептің футбол командасы облыстық «Былғары доп» турнирінің жеңімпазы атанса, мектептің жоғары сынып оқушысы Елена Овеченко Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанды.
Бұл жетістіктер тағы бір мәрте мектептің дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы мектепке айналмағанын дәлелі десе болады.