Павлодарда су құбыры зақымданды

Павлодарда су құбыры зақымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары аяқталмағанша қаланың кейбір үйлерінде суық су болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зақымдану бүгін сағат 12:45-те Қамзин-Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу желілерін тарту жұмыстары кезінде болды.

– Қазіргі уақытта мердігер бұл ақауды жою жұмыстарын жүргізуде. Барлық коммуналдық қызметтер, сонымен қатар, қала басшылығы, жергілікті атқарушы органдар және мердігерлік ұйымдар қазір оқиға орнында. Зақымдануды жоюға 8 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылған, – деді қала әкімінің орынбасары Ануарбек Аманов.

Суық су берудің болжамды уақыты – сағат 22:00.