Павлодар облысында елді мекендерден 750 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

Облыс бойынша көктемгі кезеңнің салдарын жою үшін барлығы 2386 адам және 763 техника дайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оның ішінде 362-сі – су айдау құралы, 24-і – жүзу құралы.
ТЖ департаменті «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде іс-қимылдарды пысықтап, көктемгі төтенше жағдайлардың барлық ықтимал жағдайларын, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі міндеттерді айқындады.
– Оқу-жаттығуға 302 техника мен 635 адам жұмылдырылды. ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, жедел жәрдем қызметкерлері және еріктілер тартылды, – дейді департаментте.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың төрағалығымен және ТЖД бастығы Рустамбек Амриннің тікелей қатысуымен ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен отырыс өткізілді. Онда негізгі тармақтар нақтыланды және су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын тәжірибелік пысықтауға назар аударылды. Баянауыл ауданының әкімдігінде жедел штаб құрылды.
Қ.Сәтбаев ауылында жылжымалы басқару пунктін, құрама эвакуациялық пунктті орналастыру іс жүзінде пысықталды. Бұдан басқа, халықты эвакуациялау, қар шығару (507 текше метр қар шығарылды), қапшықтарды төсеу, еріген қар суын сору және малды қауіпсіз орындарға айдау бойынша жұмыстар артқарылды.
Жалпы облыс бойынша «Көктем-2025» РКШОЖ шеңберінде 39-дан астам практикалық іс-шара өткізілді. Қарды шығару, жер үйінділерін, бөгеттерді нығайту, су өткізу құбырларын тазарту, су бұру арналарын жайластыру, эвакуациялық пункттер тексеру жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау маршруттары пысықталды. Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 753 мың текше метр қар шығарылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram