Павлодарда суға түскен ер адамға айыппұл салынды
Ол тыйым салынған жерде шомылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су қоймаларына рейд жүргізу кезінде департамент қызметкерлері шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасады. Ер адамға 12 мың 922 теңге айыппұл салынды.
Ведомство облыс қонақтары мен тұрғындарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және суға түсуге рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуды сұрайды.