Ертіс оқушылары Ұлы Отан соғысын сурет пен қолөнерде бейнеледі

Байқау Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданының полиция қызметкерлері өз балалары арасында суреттер, қолөнер және әскери киім байқауын ұйымдастырды. Шығармашылық сайысқа 6 жастан 15 жасқа дейінгі 13 бала қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Жаналин және Көші-қон қызметінің аға инспекторы Бақыт Ермекпаева кірді.
– Біз барлық қатысушыларға терең мағыналы әсерлі жұмыстары үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Мұндай байқаулар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, бейбітшілік пен бостандықтың қадірін еске сала отырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді, – деп атап өтті Төлеген Алпысбаев.
Жас суретшілер өз жұмыстарында түрлі бояулар, қарындаштар, маркерлер, картон және қағаздарды пайдаланды.
Қазылар алқасы 13 баланың жұмысынан ең үздік суретті, әскери киімді және қолөнер туындысын таңдау бойынша жауапты әрі қиын шешім қабылдады. Ұзақ талқылаудан кейін байқау жеңімпаздары анықталды.
«1941-1945 жылдар кезеңіндегі әскери костюм» номинациясында бірінші орынды Болат Рауан, екінші орынды Әмірхан Елмұратов иеленді, ал Самир Бақтыбаев үшінші орынға лайық деп танылды.
«Жеңіс күні – балалар көзімен» атты суреттер байқауында 6 бала үздік шығып, барлығына сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Сонымен қатар, қазылар алқасы өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары үшін 8 қатысушыны бағалы сыйлықтармен марапаттады.